Ата-аналарға кеңес: «Бала қарындашты дұрыс ұстамаса, не істеу керек?»

”Ботақан” ересек тобының ата-аналарына арналған консультация өтті.
Тақырыбы: «Бала қарындашты дұрыс ұстамаса, не істеу керек?»

Консультацияның мақсаты:
Балалардың ұсақ моторикасын дамытуға, жазуға дайындауға және қарындашты дұрыс ұстау дағдысын қалыптастыруға ата-аналарға бағыт-бағдар беру. Сонымен қатар, үй жағдайында жасалатын қарапайым жаттығулар арқылы баланың қол бұлшықеттерін нығайту жолдарын түсіндіру.

Консультация барысында:
Ата-аналарға қарындашты дұрыс ұстау ережелері, баланың жасына сай ұсынылатын жаттығулар, қолдың бұлшықеттерін дамыту ойындары мен тиімді әдістер көрсетілді. 
Балалардың жазуға деген қызығушылығын арттырып, сауатты да дұрыс дағды қалыптастыру — баршамыздың ортақ міндетіміз! 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Әлі пікірлер




Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу