Консультациялық пункттің қызметі туралы есеп
Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Шортанды кентінің «Балдәурен» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнындағы консультациялық пункттің жұмысы туралы есеп
Мектепке дейінгі ұйымдар қызметiнiң үлгілік қағидалары мен «мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын балалардың ата-аналарына арналған консультациялық пункттердің жұмысын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар» басшылығының негізінде және отбасылық және қоғамдық тәрбиенің сабақтастықты қолдау мектепке дейінгі мектепке бармайтын балалардың жеке басын жан-жақты дамыту мақсатында балабақшада мынадай жұмыстар жүргізілді:
1. Консультациялық пункт ашу туралы бұйрық шығарылды.
2. Консультациялық пункттің қызметі туралы ереже әзірленді.
3. Консультациялық пункттің жылдық жұмыс жоспары жасалды.
4. Ата-аналарға арналған консультациялық пункттің жұмыс кестесі жасалды.
5. Консультациялық пункт мамандарының құрамы бекітілді.
6. Консультациялық пункт мамандарының жұмыс кестесі бекітілді.
7. Мамандардың лауазымдық нұсқаулықтары бекітілді.
1. Консультациялық пункттің мақсаты мен міндеттері
Консультациялық пункттің негізгі мақсаты – ата-аналарға (заңды өкілдерге), тәрбиешілерге және басқа да мүдделі тұлғаларға балалардың дамуы мен тәрбиесіне қатысты әдістемелік, психологиялық және педагогикалық көмек көрсету.
Міндеттері:
- Балалардың жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып, даму ерекшеліктерін анықтау;
- Ата-аналарға баланың тәрбиесі, дамуы, оқытуы бойынша кеңес беру;
- Тәрбиешілерге әдістемелік қолдау көрсету;
- Арнайы көмек қажет ететін балаларды ерте анықтау және олармен жұмыс жүргізу.
2. Жұмыс бағыттары
- Психологиялық кеңес беру – баланың мінез-құлқы, эмоциялық жағдайы, ата-анамен қарым-қатынасы.
- Педагогикалық кеңес беру – мектепке дейінгі дайындық, үй жағдайында оқыту әдістері.
3. Жұмыс нәтижелері
- Жыл бойы 7 ата-анаға жеке кеңес берілді; https://ds0007.shortandy.aqmoedu.kz/content/konsulytaciya-i-metodicheskaya-rekomendaciya-dvigatelynaya-aktivnosty#:~:text=%D0%9A%D0%BE%D0%BD%D1%81%D1%83%D0%BB%
- Психолог педагогтермен тренингтер өткізіп, әдістемелік көмек көрсетілді; https://ds0007.shortandy.aqmoedu.kz/content/2367-26-02-25-16-41-52-psihologo-pedagogicheskoe-soprovoghdenie
- «Бала денсаулығы - біздің қолымызда» атты ата-аналарға арналған кеңес https://ds0007.shortandy.aqmoedu.kz/content/konsulytaciya-dlya-roditeley-zdorovye-rebenka-v-nashih-
- Мектеп алды даярлық тобының балаларына психологиялық диагностика жүргізілді;
- «Беске дейін үлгеру» халықаралық бағдарламасы негізінде мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылмаған балалардың ата-аналарына арналған бейімделген бағдарлама туралы көрнекіліктер балабақшаның әлеуметтік желілері мен сайтында, ата-аналар чаттары мен балабақшаның ақпараттық бұрыштарында жариялданды. https://www.facebook.com/share/p/14Dnw8nePQ4/ https://ds0007.shortandy.aqmoedu.kz/public/files/2025/1/9/090125_182357_mobilynoe-priloghenie-4-kosymsha1226115849.pdf
- Мектепке дейінгі дайындық бойынша 2 әдістемелік нұсқаулық дайындалды.
- Ата-аналарға арналған мобильді консультациялық пункттердің жұмысын ұйымдастыру және әдістемелік сүйемелдеу бойынша ұсынымдармен педагогтер арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, басшылыққа алынды. https://ds0007.shortandy.aqmoedu.kz/content/rekomendacii-po-organizacii-i-metodicheskomu-soprovoghdeniyu-
4. Қорытынды және ұсыныстар
Жыл бойғы жұмыс нәтижесінде ата-аналардың бала дамуына деген қызығушылығы артты, педагогтер мен мамандар арасындағы өзара әрекет нығая түсті. Алдағы уақытта консультациялық пункттің жұмысын жетілдіру үшін келесі ұсыныстар берілді:
- Ата-аналармен онлайн кеңес беру форматын енгізу;
- Баланың даму картасын жүргізу арқылы жүйелі бақылау орнату;
- Көп балалы және аз қамтылған отбасылармен жеке жұмыс көлемін арттыру.