Психологиялық-педагогикалық қолдау

Психологиялық-педагогикалық қолдап отыруға:

      1) білім алушыларды/ тәрбиеленушілерді, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарды (балаларды) оқытудағы, тәрбиелеудегі және дамытудағы қиындықтарды анықтау және ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау;

      2) білім алушылардың/ тәрбиеленушілердің, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдардың (балалардың) педагогтері мен отбасыларына консультациялық-әдістемелік көмек;

      3) білім алушыларды/ тәрбиеленушілерді, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарды (балаларды) табысты оқыту, дамыту және әлеуметтендіру үшін әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық жағдайлар жасау.

      4. Психологиялық-педагогикалық қолдап отыру ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау негізінде:

      1) педагогтердің сыныпта (топта) білім алушыларға/тәрбиеленушілерге қатысты оқытуда жеке және сараланған тәсілдерді қолдана отырып;

      2) білім беру ұйымдарының психологиялық-педагогикалық қолдап отыру мамандары жеке дамыту және түзете дамыту бағдарламаларын қолдана отырып;

      3) білім беру ұйымы салалық мамандарды (сурдопедагог, тифлопедагог, клиникалық психолог) тарта отырып, сондай-ақ мүдделі органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асырылады.

      5. Психологиялық-педагогикалық қолдап отыру білім алушылар/тәрбиеленушілер, оның ішінде:

      1) мінез-құлқында және эмоционалдық проблемалары, қолайсыз психологиялық факторлары бар (отбасындағы тәрбиенің бұзылуы, балалар мен ата-аналар мен отбасы ішіндегі қатынастар);

      2) әлеуметтік-психологиялық, экономикалық, тілдік мәдени сипатта кедергілер бар (әлеуметтік тәуекел отбасыларынан шыққан балалардың педагогикалық немқұрайлылығы, қоғамда бейімделу қиындықтары бар балалар (босқындар, мигранттар, қандастар отбасылары);

      3) даму мүмкіндіктері шектеулі (есту, көру, интеллект, сөйлеу, тірек-қимыл аппаратының бұзылуы, психикалық дамудың кешеуілдеуі және эмоционалды-еріктік бұзылулар) ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар (балалар) үшін жүзеге асырылады.


Әлі пікірлер




Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу